Дәрігер-Агисова Ма

Видео





Календарь

«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
ЖШС «Теңізшевройл» қаржыландырып отырған «Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары»жобасының финалисті,Еркінқала орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мажит Алтынайдың "Бала үміті-өшпесін"жобасы аясында құрылған сайты.Мен бұл жобаны не үшін таңдадым?Қазіргі заманғы қатерлі дерттен ауыратын адамдардың өмірден күдерін үзіп,түңіледі.Сол секілді өмірден түңілетін жасөспірім,сәби қаншама.Мен сол балалардың көңілдерін  көтеріп,болашаққа нық сеніммен қарауға ұмытылдыру.
 



Соңғы жылдары балалар арасында кең таралып бара жатқан қатірлі ісік дерті ата-аналарды,сондай-ақ дәрігерлерді де дәрменсіз халге түсіргендей.Баласының осындай дертке шалдыққаның көрген ата-аналарды "сәбиім неге бұл дерке шалдықты?","осының бәрі экологияның салдарынан ба?"деген ойлар мазалайды. ауру басталып келе жатқан кезде қаралса,өмір сүруге үміт бар,ал асқынғанда келсе бәрі кеш болуы мүмкін. сондықтан  ерте қамданған жөн.Сәбидің баққытты болу үшін жаралған ғой.Балалардың балалықшағы бақытты өтсе ғой шіркін !Анасын баласынан,  баласын анасынан айырмасын деймін!


















Қатерлі ісікпен ауыратындардың саны жылдан жылға өсіп келеді- О. Шатковская
-Қалалық онкологиялық диспансерде 18 000 пациент есепте тұр. 2009  жылы 3 000 адам есепке алынды. Қатерлі ісікпен ауыратындардың саны жылдан жылға өсіп келеді.  Бұл туралы бүгін Алматыда «Қатерлі ісікпен күрестің дүниежүзілік күніне» орай өткізілген арнайы баспасөз мәжілісінде қалалық онкологиялық диспансердің меңгерушісі  Оксана Шатковская мәлім етті.Оның айтуынша, соңғы кездері емделушілердің 50 пайызы аурудың әбден асқынып кеткен  кезінде қаралуға келеді. «Біз қатерлі ісіктің 1-2-ші сатысындағы кезінде емдеп жаза аламыз. Ал, асқынған 3-4 сатысы кезінде, хирургиялық, химиялық және тағы да басқа әдістік ем қажет болады. Оның өзі көп қаражатты талап етіп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіреді. Біз сондықтан да, тұрғындарды жылына бір рет профилактика үшін қаралып тұруға шақырамыз», деді  Оксана Шатковская. Оның айтуынша, Үкімет тарапынан бұл аурудың алдын алуға аз істер атқарылып жатқан жоқ. Барлық медициналық көмектер тегін ұсынылады.Аталмыш күнге орай, қалалық онкологиялық диспансердің мамандары  қаланың барлық емханаларында «Ашық есік күндерін» өткізіп, тегін кеңес беруде. Акцияның мақсаты - қатерлі ісіктің алдын алу болып табылады.«Елбасының қолдауымен құрылған қалалық онкологиялық диспансер мен «Бәріміз қатерлі ісікке қарсы» қоғамдық қоры дәрігерлерінің мақсаты - БАҚ  арқылы адамдарды осы өзекті мәселеге назар аударту. Тек бұл күні емес, әр кезде бұл мәселе  айтылып, түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұруы керек деп санаймыз.